Сыбайлас жемқорлық

Адалдықпен әрекет ету

Сыбайлас жемқорлық

Біз сыбайлас жемқорлықпен айналыспаймыз және кіммен қарым-қатынас жасағанымызға да, жергілікті дәстүрге де қарамастан, біз ешқашан пара бермейміз.

Есте ұстайтын негізгі Құндылықтарымыз

  • Қауіпсіздік
  • Ашықтық
  • Адалдық
  • Қарапайымдылық
  • Жауапкершілік
  • Кәсіпкерлік рух

Біздің міндеттемелеріміз іс жүзінде нені білдіреді?

Мейлі ол ресмилікті оңайлату үшін төлемдер болсын, мейлі ол басқа да түрлері болсын, біз ешқашан пара сұрамаймыз, қабылдамаймыз, ұсынбаймыз, бермейміз және оған рұқсат бермейміз. Пара түрлеріне сыйлықтар, өкілдік шығындар, саяхат, шарттарға қол қою бонустары, жұмыс ұсынулар, тауар бағасынан шегерімдер немесе алғыспұлдар, несиелер, сыйақылар, қызметтер көрсету, қайырымдылық төлемдер немесе ықыластылық жатады.
Бизнесті әдептілікпен жүргізуге алған міндеттемемізге ортақтасатын бизнес серіктестермен ғана жұмыс жасауды қамтамасыз етуге ұқыптылықпен қараймыз.
Берілетін сыйлықтар мен өкілдік шығындар ізгі ниетпен, жүйелі түрде емес, қисынды және орынды жасалуын бақылаймыз және олардың алушының шешіміне ықпал ету ниетімен немесе бұрыс коммерциялық пайда көру үшін жасалмауына көз жеткіземіз.
Әсіресе, пара, оның ішінде өзара сыйлықтармен немесе ойын-сауықпен алмасу сияқты түсініктерді болдырмау үшін мемлекеттік қызметкерлермен қарым-қатынасымызда өте сақпыз.
Біз ешқандай саяси науқандарға, партияларға, кандидаттарға немесе олардың үлестес ұйымдарына үлес қоспаймыз.
Біздің бизнеске байланысты қоятын мақсаттарымыз бен мәселелеріміз шындыққа негізделген, орындалатын мәселелер, сондықтан адамдарымызға тығыз таяң шақта орындалуы қиын тапсырмалармен қысым жасау арқылы пара беру немесе жемқорлық қаупін тудырмаймыз.
Адалдықпен әрекет ететін әріптестерімізді жоғары бағалаймыз, сол себепті нәтижесінде бизнесті

Сыртқы міндеттемелеріміз

  • Біз төмендегі қоғамдастықтарда мүшеміз:
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы серіктестік (PACI)
    • Теңіз кемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі (MACN)
    • TRACE International
  • Іскерлік этика институтын (IBE) қолдаймыз.