Жеке деректерді қорғау және құпиялылық

АДАЛДЫҚПЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ

Жеке деректерді қорғау және құпиялылық

Жеке деректермен жұмысты аса ұқыптылықпен атқарамыз және жеке тұлғалардың құпиялыққа құқықтарын құрметтейміз.

Есте ұстайтын негізгі Құндылықтарымыз

  • Қауіпсіздік
  • Ашықтық
  • Адалдық
  • Қарапайымдылық
  • Жауапкершілік
  • Кәсіпкерлік рух

Біздің міндеттемелеріміз іс жүзінде нені білдіреді?

Жеке деректер деген не екенін және олармен жұмыс жасағанда басшылыққа алатын қағидаттарды түсінеміз.
Біз жеке деректерді заңды мақсаттар үшін және қажет болған жағдайда ғана бизнес талаптарына сай жинаймыз, пайдаланамыз және сақтаймыз.
Біз жеке деректерді басқалармен тек заңды іскерлік мүддеміз болған кезде, заң талаптарын орындау қажет болғанда немесе оны мүдделі адам сұрағанда ғана бөлісеміз
Біз діни, идеологиялық немесе саяси көзқарастар, нәсіл, денсаулық, медициналық немесе биометриялық мәліметтер сияқты жеке бастың құпия деректерімен жұмыс жасағанда аса мұқияттық танытамыз.

Негізгі терминдер

ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕР 

Аты-жөні, мекенжайы немесе туған күні сияқты адамды анықтау үшін қолдануға болатын ақпарат.