Қоршаған ортаны қорғау

Қауіпсіз және жауапты болу

Қоршаған ортаны қорғау

Дүниежүзі бойынша жүргізіп отырған жұмыстарымыздың барлығында ресурстарды жауапты басқару арқылы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаға зиянды азайтуға міндеттенеміз.

Өнеркәсіп объекттерімізде экологиялық сын-қатерлерді түсінуге және оларды шешуге, және ресурстарды тиімді пайдалануға, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерінің көрсеткіштерін жақсартуға және инциденттерді болдырмауға ынталандыруға тырмысамыз.

Климаттың өзгеруінің жұмыстарымызға және халыққа ықтимал әсерін мойындаймыз және оны шешу үшін жұмыстанамыз.

Есте ұстайтын негізгі Құндылықтарымыз

  • Қауіпсіздік
  • Ашықтық
  • Адалдық
  • Қарапайымдылық
  • Жауапкершілік
  • Кәсіпкерлік рух

Біздің міндеттемелеріміз іс жүзінде нені білдіреді? Items

Жұмыстарымызды заңды түрде арнайы тағайындалған жерлепге деген құрметмен жүргіземіз және Дүниежүзілік мұра мәртебесіне ие нысандар тізіміне енген аумақтарда барлау немесе пайдалану жұмыстарын жүргізбейміз.
Шаруашылық қызметіміздің ортақ ресурстарымызға, оның ішінде жерге, ауаға, суға, энергияға және биоалуантүрлілікке ықтимал әсерлерін анықтап, бағалау жүргіземіз және оларды азайтуға шаралар қолданамыз.
Шаруашылық қызметіміздің қоршаған ортаға әсерінің көрсеткіштерін қадағалап, басқарып және баяндап отыруға арналған процестер мен жүйелер әзірлеп, іске асырамыз.
Көміртек іздерін азайтуға шаралар қолданамыз.
Ұзақ мерзімді жер ресурстарын ұтымды пайдалануды қолдайтын жер ресурстарын басқару және қалпына келтіру бағдарламаларын әзірлейміз.
Қауіпсіз және тұрақты қалдыққоймаларын дайындауға және пайдалануға міндеттенеміз.
Тиісті тәртіпте жұмыс жүргізіп отырғанымызға көз жеткізу үшін экологиялық қатерлер, мүмкіндіктер және біздің орындау көрсеткіштеріміз жөнінде мүдделі тараптармен біріге әрекеттенеміз.

Сыртқы міндеттемелеріміз

  • БҰҰ Жаһандық шарттың (UNGC) Тұрақты даму саласындағы міндеттеріне қол қойғанбыз.
  • Тау-кен және металлургия жөніндегі халықаралық кеңестің (ICMM) мүшелері ретінде 10 қағидаттың және өнімділік бойынша күтілетін жұмыс нәтижелерінің талаптарына сай болуға міндеттіміз.
  • Жылдық есептерімізді климаттың өзгеруіне қатысты қаржылық ақпаратты ашып көрсету жөніндегі жұмыс тобымен (TCFD) үйлестіріп отырамыз.
  • Қалдыққоймаларды басқару бойынша Ғаламдық салалық стандартпен үйлесімде болуға міндеттіміз.