Адал бәсекелестік

АДАЛДЫҚПЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ

Адал бәсекелестік

Біз бар жігерімізбен, бірақ әділ және заңды түрде бәсекелесеміз.

Есте ұстайтын негізгі Құндылықтарымыз

  • Қауіпсіздік
  • Ашықтық
  • Адалдық
  • Қарапайымдылық
  • Жауапкершілік
  • Кәсіпкерлік рух

Біздің міндеттемелеріміз іс жүзінде нені білдіреді?

Біз ешкіммен құпия сөз байласпаймыз және ресми түрде де, бейресми түрде де, бәсекелестерімізбен төмендегідей жағдайлар туралы келісімге бармаймыз:
● бағалар бекіту
● өндірісті немесе жеткізуді шектеу
● клиенттер мен нарықты бөліп алу
● жалған баға ұсыну
● клиенттерге немесе жеткізушілерге бірігіп бойкот жариялау.
Есіңізде болсын, құпия келісім болу үшін ол жазбаша болуы міндет емес.

Солай жасауға заңды түрде қажеттік болмаса, коммерциялық құпиямызды бәсекелестерімізге айтпаймыз. Күмән болса заңгерлерімізбен кеңесеміз.
Бәсекелестеріміз қатысатын салалық ұйымдардың немесе басқа да салалық кездесулерге қатысқанымызда өте абай боламыз.
Монополияға қарсы заңдар күрделі және әр елде әр түрлі екенін мойындаймыз, сондықтан заңгерлерімізбен кеңесеміз.

Негізгі терминдер

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢ 
Сонымен қатар, трестке қарсы заңнама ретінде белгілі, компаниялар арасында еркін, бұрмаланбаған бәсекелестікті қолдау, нарық қатысушыларының шешім қабылдаудағы тәуелсіздігін және нарықтық
билікті теріс пайдаланудың алдын алу арқылы тұтынушыларды қорғауға бағытталған.