Біз шын ниетпен және адал әрекет жасаймыз және жасаған әрбір әрекетімізге жауап береміз.
Өзіміздің және басқалардың психикалық және физикалық денсаулық жағдайына қамқорлық танытамыз.
Клиенттеріміз бен басқа да мүдделі тараптарымызға керектерін беру үшін және өзіміздің үздік болуымыз үшін бірлесе жұмыс жасаймыз.
Біз инклюзивтікті, әділдік пен теңдікті құптаймыз және нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына, жасына, жыныстық бағдарына, іс-әрекетке шектеулі қабілеттілігіне, шығу тегіне, әлеуметтік тегіне, кәсіподақтағы мүшелігіне, саяси сенімдеріне немесе тағы басқа да ықтимал алдын ала пішілген пікірлер немесе соқыр нанымдарына қарай алалап бөлмейміз.
Жұмыс орнындағы сексуалды алымсақтыққа немесе қысым көрсетіп, қудалауға жол бермейміз және қандай да болмасын әдепсіз қылық көрген жағдайда ол туралы баяндаймыз.
Жұмысқа алғанда, қызметтерін жоғарылытқанда, көтермелегенде және даму мүмкіндіктерін ұсынғанда біз адамдардың біліктіліктеріне, дағдыларына, жұмыс нәтижелеріне, әдептіліктеріне
және Құндылықтарымызбен үйлесімділіктеріне сүйенеміз.
Құрметпен және адалдықпен қарым-қатынас жасаймыз.
Біз адамдардың әртүрлі сенімдері мен көзқарастарын бағалаймыз.
Әлеуметтік желілерді қолданғанда Құндылықтармызбен үйлесімді жолмен әрекет етеміз.