Ақшаның ізін жасыру

АДАЛДЫҚПЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ

Ақшаның ізін жасыру

Үшінші тараптар бізді ақшаның ізін жасыруға пайдаланғылары келулері мүмкін екенін білеміз. Ондайдан сақтану үшін шаралар қолданамыз және қолданыстағы заңдарды сақтаймыз.

Есте ұстайтын негізгі Құндылықтарымыз

  • Қауіпсіздік
  • Ашықтық
  • Адалдық
  • Қарапайымдылық
  • Жауапкершілік
  • Кәсіпкерлік рух

Біздің міндеттемелеріміз іс жүзінде нені білдіреді?

Әр түрлі қылмыстық әрекеттерден пайда болғаны туралы білсек немесе секемденсек біз ақшаны да, басқа активдерді де қабылдамаймыз.

Ақшаның ізін жасыруға немесе лаңкестікті қаржыландыруға саналы түрде көмектеспейміз, қолдамаймыз, қатыспаймыз немесе рұқсат бермейміз.

Бизнестегі серіктестеріміз туралы жалпы мәлімет алып, олардың жеке басын анықтау мақсатында ‘Контрагентіңді біл’ рәсімін және тиісті кешенді тексеру шараларын жүргіземіз.

Қызметкерлер қандай да бір мемлекеттік лауазымды тұлғаның орынсыз немесе заңсыз төлемдер, жеңілдіктер немесе әдеттен тыс немесе күдікті сұраулары туралы Талаптарға Сәйкестік бөліміне дереу хабарлауы керек.

Біле тұра немесе әдейілеп салықтан жалтаруға көмектеспейміз.

Негізгі терминдер

АҚШАНЫҢ ІЗІН ЖАСЫРУ

Соңында заңды жолмен келгендей етіп шығаратын, ақшаның немесе басқа қаражаттың, сонымен қатар тауарлардың, қылмыс жолмен пайда болғанын жасыру процесі.