Өзіңізді алаңдататын мәселелер туралы ешқашан үндемей қалмаңыз. Олар туралы менеджеріңіз, супервайзеріңіз немесе басқа қолжетімді баяндау каналдары арқылы мәселе көтеріңіз. Біз сізді алаңдатын мәселелерді байыпты қараймыз және олармен тезарада айналысамыз.
Сізді алаңдатын мәселелер туралы баяндауыңыз бізге басқа теріс қылықтардың алдын алып және қаржылық, беделдік және басқа жағдайларға тигізетін әсерді шектеп, оларды проактивті түрде шешумен айналысуға мүмкіндік береді.
Сізді алаңдатын мәселелер туралы кеңсеге немесе өнеркәсіп объектілеріне барып баяндаңыз
Сізді алаңдатын мәселелер туралы бірінші менеджеріңізбен немесе супервайзеріңізбен талқылап алғаныңызды құптаймыз.
Әдетте сізді алаңдатын мәселелерді жылдам және тиімді шешуге олардың өте жақсы дайындығы бар. Сонымен қатар, сізді алаңдатын мәселелер туралы жергілікті баяндау каналы арқылы немесе кеңсеңіздегі немесе өнеркәсіптік объекттегі мәселелерді қабылдау үшін тағайындалған заңсыз әрекеттерге қатысты күдіктер туралы баяндау контактілері бойынша хабарлауыңызға болады.
Сізді алаңдатын мәселелер туралы Glencore компаниясының сізді алаңдатын мәселелерді баяндау бағдарламасы арқылы баяндаңыз
Егер жергілікті баяндау каналы арқылы баяндау мүмкін болмаса немесе ыңғайсыз болса, Мәселелерді баяндау бағдарламасының баяндау каналдары арқылы хабарлай аласыз.
Мәселелерді баяндау бағдарламасы Glencore компаниясының қызметкерлеріне, бизнестегі серіктестеріне және басқа мүдделі тараптарға анонимді баяндау каналдарын ұсынады.
Бағдарлама Кодексімізбен, ережелерімізбен немесе заңмен үйлесімсіз болуы ықтимал әрекет туралы баяндауға мүмкіндік береді. Мәселелерді баяндау бағдарламасы — корпоративтік бағдарлама, ол сізді алаңдататын мәселелерді ештеңеден саспай сенімді түрде қай тілде болсын баяндауға мүмкіндік береді.
Қудалаушылыққа жол бермейміз
Өздерінің ойларынша Кодексімізбен, ережелерімізбен немесе заңмен үйлесімсіз әрекет туралы алаңдаушылықтарын білдірген адамдардың, тіпті алаңдары дәлелсіз болса да, қудалаушылыққа немесе жазалауға ұшырауына жол бермейміз. Егер әдейілеп жалған хабар беріп тұрған болмасаңыз, жұмыстан шығып қалудан, кемсітушіліктен, қудаланудан, бопсалаудан немесе басқа да жағымсыз әсерлерден қорықпай ашық айта аласыз.
Glencore компаниясының Мәселелерді баяндау бағдарламасы оңай қолжетімді